Таза пайда 7% ға өсті: Өсім бойынша қай банк көш бастап тұр?

16.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) жиынтық таза пайдасы 2,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 7%-ға артты. 2026 жылғы 1 қаңтардағы дерекке сәйкес, банк активтерінің табыстылығы (ROA) 4,2%, ал меншікті капиталдың табыстылығы (ROE) 28,4% болды. Сектордың жиынтық меншікті капиталы 10,6 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 19,1%-ға ұлғайды. Жалпы пайданың 87%-дан астамы немесе 2,3 трлн теңгесі меншікті капиталы ең ірі 10 банкке тиесілі. Бұл – нарықтағы негізгі ойыншылардың қаржылық нәтижесі сектор тұрақтылығына тікелей әсер ететінін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: shutterstock.com

Ірі банктер арасында табыс өсімі бойынша Home Credit Bank алға шықты: бір жылда көрсеткіш 23,7%-ға ұлғайып, 43,4 млрд теңгені құрады. Былтыр қаржы институтының 100% акциясын ForteBank сатып алған еді.

2025 жылдың желтоқсанында Fitch Ratings агенттігі Home Credit Bank-тің «BB−» деңгейіндегі кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен растады. Агенттік шешімді акционер ауысқаннан кейін қабылдап, банктің қаржылық бейіні орнықты екенін, капиталдандыру және өтімділік деңгейі жеткілікті екенін, меншік құрылымы өзгерген кезеңде операциялық тұрақтылық сақталғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа акционер тарапынан күтілетін қолдау ескерілген. 

Банктер туралы заң бәсекелестікті күшейтеді

Табыс өсімі бойынша екінші орында – Банк ЦентрКредит. Оның пайдасы 23,1%-ға артып, 240,2 млрд теңгеге жетті. Үшінші орынды Halyk Bank иеленді (өсім – 15,6%). Ал алғашқы бестікті ForteBank (плюс 13,9%) пен Bank RBK (плюс 13,4%) түйіндейді.

Ірі он банктің жетеуі жылдық динамикада табысын арттырса, үшеуі өткен жылмен салыстырғанда төмен нәтиже көрсетті. Жалпы сектор бойынша 23 банктің 22-сі пайдаға кенелген. Төмен нәтиже көрсеткен жалғыз банк – нарыққа жаңадан шыққан Коммерциялық Банк БиЭнКей. Сарапшылар оның қаржылық нәтижесін ұзақ мерзімде бағалау орынды екенін айтады.

Жеке тұлғалар банкроттығы: Банктер қанша адамның берешегін кешірді?

Таза пайда – банктің тәуекелдерді жабу, резерв қалыптастыру және күйзеліс кезеңдерін сыртқы қолдаусыз еңсеру қабілетін айқындайтын негізгі көрсеткіш. Тұрақты әрі жоғары табыстылық сектордың ықтимал шығындарды, соның ішінде мерзімі өткен берешек өсімі немесе макроэкономикалық күйзелістерді өз бетінше еңсере алатынын білдіреді.

Пайда банктің бизнес-моделінің сапасын көрсетіп қана қоймай, капиталдың өсуімен тікелей байланысты. Дәл осы табыс есебінен банктер меншікті капиталын ұлғайтып, реттеуші талаптарды сақтайды және несие беру мен өзге де операцияларды кеңейтуге мүмкіндік алады. Кең ауқымда алғанда, банк секторының табыстылығы – экономиканың қаржылық инфрақұрылымының өміршеңдігін айқындайтын фактор. Бұл цифрландыруға, тәуекелдерді басқаруға және ұзақ мерзімді өнімдерді дамытуға инвестиция салуға жол ашады.

Соңғы жылдары отандық ЕДБ пайдасы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2018 жылдан бері сектор оң қаржылық нәтижені сақтап, тек пандемия кезеңіндегі 2020 жылы аздаған баяулау байқалған. Пандемиядан кейінгі геосаяси сын-қатерлер де банктердің жалпы табыстылық трендін өзгерте алмады.

Халықаралық сарапшылар да сектордағы оң ахуалды атап өтіп отыр. Мәселен, 2025 жылдың желтоқсанында S&P Global Ratings агенттігі Қазақстанның банк секторындағы салалық тәуекел болжамын «Тұрақты» деңгейден «Позитивті» деңгейге көтерді. Бұл – қаржы жүйесінің орнықтылығына берілген сыртқы бағаның айғағы.

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Соңғы жаңалықтар

Жапонияның Ұлттық күніне орай Астанада жапон салты орындалды

Мереке • Бүгін, 17:34

Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады

Президент • Бүгін, 17:31

Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?

Қоғам • Бүгін, 17:21

Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

Жұмыс орындары, технологиялар, инвестициялар: ТШО-ның жергілікті өндірісті дамытудағы рөлі

Экономика • Бүгін, 16:52

Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалы құрылды: 1 000 іс-шара өткізіледі

Елорда • Бүгін, 16:44

Ғалымдар диабет және жүрек ауруларының алдын алатын өнім әзірлеп жатыр

Қоғам • Бүгін, 16:40

Алматыда ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қоғам • Бүгін, 16:33

Елордада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 трлн теңгеден асты

Экономика • Бүгін, 16:30

Шымкентте тасқын қаупі сейілді ме?

Аймақтар • Бүгін, 16:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:15

Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті

Қысқы спорт • Бүгін, 16:03

Қазақстанда бірыңғай медиа-платформа құрылады

Қоғам • Бүгін, 15:51

Шымкентте креативті индустриядан түскен салық көлемі 500 млн теңгеге артты

Аймақтар • Бүгін, 15:47

Ұландықтар самбодан ел чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 15:43

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью