Таза парақтан реттеу: Кәсіпкерлерден қандай өтініштер келіп жатыр?

26.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жобасы кеңсесінің екінші отырысы өтті. Жиында шағын және микро бизнесті «таза парақтан» салықтық реттеу тетіктері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Үкімет

Кеңес отырысында өтпелі кезеңдегі салықтық әкімшілендіруге енетін нақты түзетулер қарастырылды. «Таза парақ» түзетулері бойынша шағын және микро бизнес 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтық және камералық тексерулерден, сондай-ақ әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Дегенмен, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті ресми арналар арқылы хабарлаған бірқатар ерекшелік сақталады.

«2025 жылғы 17 желтоқсанда Үкімет өтпелі кезеңге салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады. Аталған шешімді жүзеге асыру мақсатында осы жылдың 1 сәуіріне дейін салық берешегін төлеуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары әзірленді. Кәсіпкерлік субъектілерін тарату және тоқтату рәсімдері қайта қаралды. Сондай-ақ шағын және микро бизнеске қатысты кеңселік аудит жүргізу тәсілдеріне өзгерістер енгізілді. «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобалары орналастырылды және ақпан айының басында қабылданады деп жоспарланып отыр», деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов.
Микро және шағын бизнес салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» бастайды

2026 жылға дейін қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қоюға байланысты бұзушылықтар неігізінде әкімшілік істер қозғалмайтыны, ал бұрын мемлекеттік кірістер органдары шығарған істер тоқтатылатыны айтылды. Бұл шаралар бизнестің салықтық әкімшілендірудің жаңа шарттарына барынша қолайлы өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің қатысуымен нормативтік стандарттарды «таза парақтан» бастап қолдану тәжірибесін түсіндіру мақсатында кеңейтілген кеңес өткізуге келісті. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен аптада Мемлекеттік кірістер комитетіне call-орталығы мен Salykbot Telegram боты арқылы – 19 400, Ұлттық экономика министрлігіне – 50, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына – 14 өтініш келіп түскен. 

Кәсіпкерлерді көбінесе салық режимін таңдау, салық төлеушінің шотында жұмыс істеу, электронды шот-фактураларды шығару, қазіргі процедуралық мәселелер қызықтыратыны белгілі болып отыр. Мұндай өтініштер бойынша түсініктемелер дереу берілген.

Жүйелі жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты call-орталықтың жүктемесі төмендеген. Бұрын күніне 5500-ге жуық қоңырау түссе, қазір күніне 4700-ге жуық қоңырау түседі.

Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жүйелі мәселелер жинақталған. Олардың қатарында ұзақмерзімді келісімшарттар бойынша ҚҚС мөлшерлемелерін қолдану, МИБ-ке салық салу, мүгедектерді жұмысқа алатын ұйымдарға салық салу шарттары, медицина саласында әртүрлі ҚҚС ставкалары мен жеңілдіктерді қолдану, сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту жатады. 

ҚҚС: Қандай медициналық қызметтер салықтан босатылады?

Осындай үндеулердің бір мысалын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов келтірді. Мәселе медицина саласындағы ҚҚС бойынша жеңілдіктерді жоюға қатысты. Салық кодексіне сәйкес, дәрілік заттарды өткізу және импорттау бойынша ҚҚС босату тек тегін медициналық көмек көрсету мен міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік қоры, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және орфандық ауруларды емдеу қызметінде ғана сақталады. Бұл ретте коммерциялық сегментте сатылатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен компоненттерге 2026 жылдан бастап 5% және одан әрі 10% ставка бойынша ҚҚС салынады. Бұл бизнес өкілдерінің пікірінше, тұтынушылар үшін шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар белгіленген шекті бағалар бойынша коммерциялық сегментте дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тапшылығының тәуекелдері, сондай-ақ фармацевтикалық субстанциялар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіруге арналған жабдықтарды өткізу және импорттау бойынша айналымдарға 16% базалық мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатыны қосымша атап өтілді.

Салық жүйесі «таза парақтан» қайта құрылады

Серік Жұманғарин салық органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалану бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты. Цифрлық қызметтердің белсенді дамуы кезінде барлық пайдаланушының өзгерістерге бейімделуге уақыты бола бермейтіні атап өтілді. Осыған байланысты нақты оқыту алгоритмін, оның ішінде цифрлық көмекшілерді пайдалану, сондай-ақ бизнеспен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету қажет.

Соңғы жаңалықтар

«Таза парақтан» реттеу: Кәсіпкерлерден қандай өтініштер келіп жатыр?

Салық • Бүгін, 17:43

Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады

Реформа • Бүгін, 17:35

Үнзила Шапақ: Конституцияның преамбуласын жаңарту елдің идеологиялық бағытын айқындайды

Саясат • Бүгін, 17:22

Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді

Оқиға • Бүгін, 17:18

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 17:05

Нұрлан Бекназаров: Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға болмайды

Құрылтай • Бүгін, 16:48

Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабы таныстырылды

Оқиға • Бүгін, 16:42

Берік Уәли қысқы Олимпиадаға қатысатын шаңғышыға сәттілік тіледі

Қысқы спорт • Бүгін, 16:32

«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?

Туризм • Бүгін, 16:24

Әлеуметтік желідегі бетбұрыс: Неліктен оқырманның аз болғаны жақсы?

Қоғам • Бүгін, 16:21

Ұлттық банк ескі 10 000 теңгелік банкноталардың қолдану мерзімін ұзартуы мүмкін

Қаржы • Бүгін, 16:15

Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі

Оқиға • Бүгін, 16:05

Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады

Қоғам • Бүгін, 15:52

«Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік»: Батырға арналған энциклопедиялық жинақ жарық көрді

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:40

Атыраулықтар алаяқтардың шотына 1,2 млрд теңге аударған

Аймақтар • Бүгін, 15:38

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью