Таза Қазақстан : Абай облысында 67 мың ағаш отырғызу жоспарланған

25.04.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жылдың бірінші тоқсанында бірқа­тар жұмыс атқарылған. Білім беру ұйым­да­рында экологиялық тақырыпта эссе байқаулары өтіп, мектептерде сынып сағаттары ұйым­дастырылған. 5-6-сынып оқушылары ара­сында ProEko жобалар байқауы өтіп, 38 жобаның ішінен 17-сі жүлделі орынға ие болған. Сонымен қатар облыс бойынша 28 экологиялық мәдени іс-шара өткізілген.

«Облыс әкімінің өкімімен 3 сәуір мен 31 мамыр аралығында санитарлық-эколо­гиялық екі айлық жарияланды. Осы кезеңде сенбіліктер ұйымдастырылып, арнайы тех­ника тартылды. Нәтижесінде, 12 218 аула, 97 саябақ, 57 ескерткіш аумағы тазар­ты­лып, 2 897 тонна қалдық шығарылды», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар су айдындары мен арық­тар тазартылып, көгалдандыру жұ­мыстары жалғасып жатыр. Биыл 67 мың ағаш отырғызу жоспарланған болса, қазір 431 көшет егілген.

Экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында да жұмыс күшейтіліп,  ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 4 171 әкімшілік хаттама толтырылып, 9,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Алдағы уақытта сенбіліктерді тұрақты өткізу, ау­мақ­тарды таза ұстау және санитарлық та­лап­тарды сақтау бойынша жұмыс жалғаспақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью