Таза Қазақстан: Алматыда жалпықалалық экологиялық челлендж басталды

06.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және цифрлық шығармашылық дағдыны дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық экологиялық челлендж басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала оқушылары арасында экологиялық сананы күшейту мақсатында электронды экологиялық ашықхаттар жасауға арналған «Экологиялық калейдоскоп» жалпықалалық онлайн-челленджі басталды. Бастамаға Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының 1-11-сынып оқушылары қатысып жатыр.

Челлендждің негізгі мақсаты – білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру, экологиялық сауат деңгейін арттыру, цифрлық және шығармашылық құзыретін дамыту, сондай-ақ табиғатты қорғау идеяларын кеңінен насихаттау.

Челлендж аясында оқушылардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау мәселесіне назарын аудару, олардың креативті және цифрлық дағдысын дамыту, экологиялық мәдениетті дамыту міндеттері жүзеге асырылмақ. Қатысушылар графика, коллаж және анимация форматында электронды экологиялық ашықхаттар дайындайды.

Жұмыстарда қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, қалдықты бөлек жинау, су мен энергияны үнемдеу, сондай-ақ «Таза қала – қауіпсіз болашақ» тұжырымдамасы сияқты тақырыптық бағыттар қамтылады.

Челлендж бірнеше кезеңнен тұрады. Ақпараттық кезеңде білім беру ұйымдарында қатысу шарттары түсіндіріледі. Шығармашылық кезеңде оқушылар электронды экологиялық ашықхаттар әзірлейді. Челлендж-эстафета кезеңінде дайын жұмыстар әлеуметтік желілерде

#ЭкологиялықКалейдоскоп, #ЭкоАлматы, #ТазаҚазақстан хэштегтерімен жарияланады. Қорытынды кезеңде ең белсенді қатысушылар мен үздік жұмыстардың авторлары марапатталады. Аталған челленджді өткізу оқушылардың экологиялық санасын арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

«Елімай» Дубайда жаттығып жатыр

Спорт • Бүгін, 22:40

Таза Қазақстан: Алматыда жалпықалалық экологиялық челлендж басталды

Экология • Бүгін, 22:15

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізілуде

Шаруашылық • Бүгін, 21:50

Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырылды

Қоғам • Бүгін, 21:35

Джек Шавхатты жекпе-жекке шақырды

Спорт • Бүгін, 21:13

Сегіз жасар шабандоз қыз жаңа жылда армандаған тұлпарына қол жеткізді

Аймақтар • Бүгін, 20:57

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыпты өлі күйінде табылды

Қылмыс • Бүгін, 20:30

Ақтаудағы Назарбаев мектебінің түлегі Оксфорд университетінің оқытушысы атанды

Білім • Бүгін, 20:17

Баға мониторингі аясында 1 қаңтардан бері 600-ден астам сауда нысаны тексерілді

Сауда • Бүгін, 19:53

Қонаевта ашылған зауыт 200 адамды жұмыспен қамтыды

Өндіріс • Бүгін, 19:38

Ерболат Досаевтың жұбайы бір жылда 2,3 млрд теңге табыс тапқан

Қоғам • Бүгін, 19:12

«Келешек мектептері» барлық мектептің дамуына негіз болады

Білім • Бүгін, 18:49

2026 жылғы діни күнтізбе: Ораза қашан басталады?

Қоғам • Бүгін, 18:32

«Қара алтын» арзандаса, қазына ортаймай ма? Венесуэла факторының қазақ экономикасына әсері

Экономика • Бүгін, 18:20

Депутат қоқыс шығаратын компаниялардың қызметін сынға алды

Қоғам • Бүгін, 18:01

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью