Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
№119 орта мектепте «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Келешек бағы – мектеп ауласын көгалдандыру» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара сенбілік және ағаш отырғызу форматында өткізіліп, оған оқушылар, педагогтер, ата-аналар және Әкелер кеңесінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және тәрбиедегі әкенің рөлін арттыруға бағытталған. Негізгі мақсат – әке мен бала арасындағы байланысты күшейтіп, жас ұрпаққа еңбекқорлық пен жауапкершілікті, сондай-ақ туған жерге жанашырлық сезімін үлгі ету.
Сенбілік барысында қатысушылар 10 алма ағашын, 10 қарақат көшетін, 6 мамыргүл және 6 қарағай отырғызды. Сонымен қатар «Таза өлке» бағыты бойынша мектеп аумағын абаттандыру, тазалау және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
Іс-шараның ерекшелігі – әкелердің балаларымен бірге бірлесіп еңбек етуі. Мұндай формат оқушыларға экологиялық тәрбие беріп қана қоймай, ата-ананың жеке үлгісі арқылы еңбекке баулу, ұжымдық жауапкершілік пен өзара қолдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау, суару және сақтау жұмыстарына да ерекше мән беріледі.
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
Соңғы жаңалықтар
«Атын атауға болмайтын адам»: Заңгер Мұхтар Шахановтың атына тіл тигізген ер адамды сотқа бермек
Қоғам • Бүгін, 13:03
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
«Қыздарымды басып қала жаздады»: Астанадағы саябақта балалар мінген аттракцион үзіліп кеткен
Оқиға • Бүгін, 11:58
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Королін құттықтады
Президент • Бүгін, 11:40
Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қоғам • Бүгін, 11:30
1 сағат ішінде есеп берілуі тиіс: Бала құқығын қорғау органдарына жедел әрекет ету міндеттелді
Қоғам • Бүгін, 11:17
Каспийде бір айда 20 рет жер сілкінді
Табиғат • Бүгін, 11:10
Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады
Бюджет • Бүгін, 11:05
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 10:58