Таза Қазақстан : Батыс Қазақстан облысында биыл 5 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды

18.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Акция аясында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, санитариялық тазалықты сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Акция басталғалы облыс аумағында 28 235 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 5 162 құқықбұзушылық биыл жылдың басынан бері тіркелген.

«Таза Қазақстан»: Экологиялық талапты бұзған 102 әкім жауапкершілікке тартылды

Экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуда заманауи технологиялар да тиімді қолданылып келеді. Орал қаласындағы бірқатар контейнерлік алаңдар бірыңғай бейнебақылау жүйесіне қосылып, жыл басынан бері осы жүйе арқылы 40 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылық жасаған тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жыл басынан бері Орал қаласында жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 30 стихиялық қоқыс орны анықталып, олардың барлығы жойылды.

Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, санитариялық талаптарды сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттілігін түсіндіруге бағытталған профилактикалық жұмыстар да тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

«Таза Қазақстан»: Биыл елімізде 1 миллионнан астам ағаш отырғызылды

Полиция қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью