Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Орал қаласында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза Қазақстан - бірлік пен жауапкершілік» атты студент жастармен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының идеологиясын кеңінен насихаттау, жастар арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кездесуге экология, жастар саясаты және азаматтық белсенділік саласында еңбек етіп жүрген бірқатар спикерлер қатысып, студенттермен ашық пікір алмасу жүргізді.
Іс-шара барысында экологиялық бастамалардың маңыздылығы, жастардың қоғамдағы рөлі, волонтерлік қызмет пен жасыл ойлау мәдениетін дамыту мәселелері қозғалды.
Сахым Дәуренбек Қалапбергенұлы, «ЭкоСақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, эко-белсенді: «Таза Қазақстан» – бұл бір реттік акция емес, бұл – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс тұжырымдама.
Экологияны қорғау ең алдымен жеке жауапкершіліктен басталады.
Студент жастар осы идеологияны қоғамға тарататын негізгі қозғаушы күш болуы керек».