Таза Қазақстан : Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек парақшалар таратылды

07.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордалық кәсіпкерлерге тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі ұсынымдар жазылған чек-парақтар таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Астана әкімдігі 2024 жылы кәсіпкерлерге арнап тазалық пен тәртіпті жыл бойы сақтау бойынша ұсынымдары бар чек-парақшалар әзірлеген болатын. Маусымдық ерекшеліктер ескеріліп, олар төрт форматқа бөлінген – көктем, жаз, күз және қыс.

Өз аумақтарын тиісті деңгейде ұстауға арналған маусымдық жоспар Республика даңғылы бойында орналасқан жеке ұйымдарға таратылды.

«Алғаш рет екі жыл бұрын әзірленген арнайы чек-парақшалар әр маусымға бейімделген ұсынымдарды қамтиды және маусымдық ерекшеліктерді ескереді. Бұл акция қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға 250 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерін тартуға бағытталған. Бизнестің бұл жұмысқа белсенді қатысуы елорданың дамуына оң ықпал етеді», деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Шухрат Жораев.

Қалыптастырылған ұсынымдар қажетті жұмыстар тізімін қамтиды. Мәселен, көктемде шатырларды қардан дер кезінде тазалау, жасыл желектерді бұтау және отырғызу қарастырылған. Жаз мезгілінде ағаштар мен жасыл желектерді күтіп-баптау, суару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету, тұрақты сенбіліктер өткізу көзделген.


Күзде кіреберіс аймақтарға тайғанаққа қарсы жабын орнату, жылыту маусымына дайындық жүргізу қажет. Қыста кіреберістерді мұзға қарсы қоспамен өңдеу және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттеледі.

Айта кетейік, бұл ұсынымдардың негізгі мақсаты – қала мен қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, дамыту.

Соңғы жаңалықтар

Биыл музейге 822 мыңнан астам адам барған

Музей • Бүгін, 17:56

Сезініп көруге болатын фотокөрме: Алматылықтар «су астындағы өмірді» тамашалады

Алматы • Бүгін, 17:31

«NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Оқиға • Бүгін, 17:27

Президент бірқатар заңға қол қойды

Президент • Бүгін, 17:17

Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды

Бокс • Бүгін, 17:09

Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген

Білім • Бүгін, 17:08

Жолаушылар назарына: 15 сәуірден бастап елорда әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

Қоғам • Бүгін, 16:51

Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандар өздерін ақтауды талап етті

Оқиға • Бүгін, 16:42

Еліміз әлеуметтік қолдау бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

Қазақстан • Бүгін, 16:26

Қазақстан әлемдік білім беру рейтингінде 18-орында тұр

Қазақстан • Бүгін, 16:01

Балқаш көлі жағалауындағы жер учаскелері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылады

Аймақтар • Бүгін, 15:58

Иранның жоғарғы көшбасшысы ауыр халде жатыр

Әлем • Бүгін, 15:45

Алматы облысында туристік нысандардың 80%-ы шомылу маусымына дайын

Аймақтар • Бүгін, 15:38

Алматыда әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен жалғыз ұлының мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 15:29

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ауа райы • Бүгін, 15:12

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью