Таза Қазақстан : Президент Телерадиокешені ұжымы Астанада сенбілікке қатысты

25.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ТРК қызметкерлері Астана қаласы әкімдігі санитарлық тазарту аймақтарының бірі ретінде айқындаған Нұра–Есіл каналы бойындағы бекітілген аумақты тазалау жұмыстарына шықты.

Журналистер бүкілхалықтық таза әрі жасыл ел қалыптастыру бастамасын қолдап, жағалау аймағын қоқыстан тазартып, қоғамдық кеңістікті ретке келтірді. Бұл елорданы абаттандыру ісіне қосылған үлес болды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Экологиялық іс-шараға қала тұрғындары, мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек ұжымдары, бизнес құрылымдары, еріктілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мәдениет пен спорт қайраткерлері қатысты.

Елорданың әртүрлі аудандарында кешенді тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, жаяу жүргіншілер жолдары мен аулалар тазартылып, тұрғын алаптар ретке келтірілді, заңсыз қоқыс үйінділері жойылды. Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау және қаланы көгалдандыру бойынша маусымдық жұмыстар атқарылды.

Фото: Kazinform

Кең ауқымды экологиялық акцияға 120 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. 10 мың ағаш отырғызылып, 150 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.

Бүгінгі сенбілік таза аула, таза аудан және таза қала идеясының күнделікті өмір салтына айналып келе жатқанын және азаматтардың жеке таңдауына айналғанын тағы бір мәрте көрсетті.

Фото: Kazinform

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Акция барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, екі жыл бұрын тағылымы мол, мән-мазмұны айрықша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталғанын айтты.

Фото: Kazinform
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью