Таза Қазақстан : ШҚО да 22 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді

11.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық талаптарды бұзғандарды жауапқа тарту үшін рейдтер жүріп жатыр.

- Қазіргі уақытта көшелер мен аулалардың тазалығын қоқыс алаңдары мен қауіпті аймақтарға бағытталған 135 бейнебақылау камерасы қадағалап тұр. Олардың көмегімен жыл басынан бері 1000-нан астам заңбұзушылық тіркелді, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен.

Өңірде тәртіпті сақтау үшін күнделікті режимде 16 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда 8 000-нан астам рейд өткізілген. Соның нәтижесінде, абаттандыру саласына қатысты 22 000-нан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

- Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, анықталған 344 стихиялық қоқыс үйіндісінің 308-і жойылды. 2026 жылдың басынан бері облыс полицейлері қоғамдық орындарды ластаудың 2 530 фактісінің жолын кесті, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Абай облысында 4105 құқықбұзушылықтың жолы кесілгені хабарланған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью