Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: Алматы әкімдігі
Бағдарламаның екінші күні экология, тұрақты даму, цифрлық трансформация және түркі елдерінің жас көшбасшылары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесіне арналды.
Іс-шарадағы басты оқиға – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Turkic Youth Tree of Unity» халықаралық экологиялық акциясы болды. Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген кемпинг қатысушылары бірлесіп ағаш егіп, оны бірлік, достық және қоршаған ортаны сақтаудағы ортақ жауапкершіліктің белгісі ретінде танытты. Бұл акция жастардың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға қосқан нақты үлесі болып, сондай-ақ бүгінгі таңда түркі әлемі елдерінің жастар саясатының маңызды бағытына айналған тұрақты даму құндылықтарын дәріптеді.
«Экологиялық жауапкершілік әр адамның жеке ісінен басталады. Бүгінде түркі мемлекеттерінің жастары елінің болашағын талқылап қана қоймай, нақты істері арқылы қоршаған ортаға қамқорлық жасауға дайын екенін көрсетуде. Осындай бастамалар халықтар арасындағы достықты нығайтып, жас ұрпақтың бойында жасампаздық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деп сенемін», деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Бағдарлама аясында «Digital Turkic Youth» форумы өтіп, онда қатысушылар жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық дағдыны жетілдіру және болашақ экономикасының талаптарына сай жас мамандарды даярлау жайын талқылады.
Түстен кейін «Ашық әрі әділетті қоғамды дамытудағы жастардың рөлі» атты сессия ұйымдастырылып, онда азаматтық белсенділік, заң үстемдігі, жастардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуы және қоғамдық институттарды дамыту жайы сөз болды.
Ерлан Қарин: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қоғамдық қозғалысқа айналды
Сонымен қатар, жастардың ашық әрі әділетті қоғам қалыптастырудағы рөліне, олардың қоғамдық үдерістерге белсенді араласуына және жаңа көшбасшылық қабілетін дамытуға ерекше назар аударылды. Іс-шара түрлі елдердің өкілдерін ұлттық дәстүрі, шығармашылығы мен мәдени мұрасы арқылы жақындастырған Cultural Night мәдени кешімен қорытындыланды.
«Бұл кемпингке қатысу біз үшін бауырлас халықтардың мәдениетімен танысып қана қоймай, қоғамға пайда әкелетін ортақ бастамаларды бірге жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Экологиялық акция біздің бірлігіміз бен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміздің символына айналды», деді Қырғызстаннан келген кемпинг қатысушысы.
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Халықаралық жастар кемпингі түркі мемлекеттерінің жас көшбасшылары арасында ашық диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды дамытуға арналған маңызды алаң ретінде жұмысын жалғастырып отыр. Ал 14 маусымда қатысушыларды іс-шара қорытындыланып, «Алматы – 2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» жобасы ресми түрде жабылады.
Осы рәсім барысында жастар астанасының мәртебесі келесі қалаға табысталады.
Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру – конституциялық міндет