Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Игі бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылығы мен ұжымы, мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары, тазалыққа жауапты мекеме жұмысшылары және Түркістан қаласы әкімдігі мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіӨңір басшысы Нұралхан Көшеров табиғат жанашырларымен кездесіп, бірге көшет екті.
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі— «Таза Қазақстан» — бір жылдық бағдарлама емес. Ол өмір салтымызға айналуы тиіс. Тек акцияларда ғана емес, күнделікті өмірде ағаш егіп, тазалықты сақтай білсек, оны насихаттап, жастарды да игі іске жұмылдырсақ, бастама өз жемісін береді. Барша облыс тұрғындарын аймақты көгалдандыруға үлес қосуға шақырамыз, — деген Нұралхан Көшеров ел ағаларымен, жастармен пікір алмасты.
Іс-шара аясында қаланы көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жаппай ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бір күнде 1200 түп Қырым қарағайы мен 1000 түп жапырақты ағаш егілді. Осылайша, жалпы саны 2200 ағаш көшеті егіліп, Түркістанға кіреберістегі жасыл белдеу айтарлықтай толықты. Болашақта бұл аумақ саялы баққа айналмақ.
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіБұл бастама Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл желектер көлемін арттыруға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Таңғы 7:30–дан бастап ағаш еккен көпшілік қауым көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАйта кетейік, Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 800-ден астам елді мекенде 3,6 милионнан астам ағаш көшетін егу көзделген. Ал биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы арқылы 1 миллион түп ағаш егу жоспары бекітіліп, нақты жұмыстар жалғасып жатыр.