Таза Қазақстан: Жетісу облысында саябақ тазартылды

06.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жетісу облысының Балпық би ауылында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Шараға Көксу ауданының белсенділері, мәдениет қызметкерлері мен әлеуметтік сала жұмысшылары қатысты. Көпшілік Кеңес одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаев атындағы саябақты тазалап, аумақты ретке келтірді. Жалпы жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде 13 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылып, 150 шақты қоқыс үйіндісі жойылған.  

Бағлан Жүнісов, аудан тұрғыны:

- Осы елдің тумасы болғандықтан кіндік қанымыз тамған жерде күннің салқындығына қарамай сенбілікке шығып жатырмыз. Жан-жағымыз таза болса, жанымыз да таза болатын сияқты. 

Руслан Балғабаев, Балпық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:

- Балпық ауылдық округі бойынша 1500 тонна қоқыс шығарылды, 2925 ағаш егілген. Жапырақты және 265 қылқанжапырақты ағаш егілді. Жалпы осы көктем мен күзді санағанда 3232 ағаш егіліп отыр. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью