Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. 19 қыркүйекте Қазақстанның барлық аймақтарында World CleanUp Day ауқымды экологиялық акциясы өтті.
Биыл Дүниежүзілік тазалау күніне 513 мыңнан астам адам қосылды. Олардың қатарында 140 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер және 82 мың ерікті болды. Мектеп оқушылары мен студенттер, жастар ұйымдары, кәсіпорындар, қоғамдық бірлестіктер және аймақ тұрғындары да белсенді қатысқан.
"Ел бойынша қатысушылар саябақтар мен қоғамдық орындарды, орман алқаптарын, өзен жағалаулары мен су қоймаларын, қалалар мен ауылдардың шеткі аймақтарын тазалады. Нәтижесінде шамамен 6 мың гектар жер тазартылып, 12 мың тоннадан астам қалдық жиналды", - дейді Экология министрлгі.
Тазалау жұмыстарымен қатар, аймақтарда көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің арқасында 38 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.