Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
23 наурыз Наурызнама онкүндігінің соңғы күні – Тазару күні. Осы маңызды күнге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін Тазару күніне орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция басталды.
Президент Наурызнама онкүндігінде айрықша орын алатын Тазару күнінде азаматтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды.
«Қоғамымыздың жаңғыруы күллі табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келіп отыр. Уақыт пен іргелі өзгерістердің осылай үндесуі баршамызға Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етуге айрықша күш-жігер беретіні сөзсіз.
Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді.
Наурыз мейрамы кезінде қабылданған Жаңа Халық Конституциясында азаматтарымыздың табиғатқа қамқорлықпен қарауы ұлттық дүниетанымымыздың басты қағидатының бірі ретінде айқындалған.
Жаңа Халық Конституциясы ел бірлігінің арқауы, рухани және құқықтық бағдарымыз әрі Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры болатыны күмәнсіз.
Ата заңымыз қоғамда дүниетанымымыз бен бітім-болмысымыздың өзегі саналатын ынтымақ, жауапты әрі жасампаз отаншылдық, сондай-ақ «Таза Қазақстан» құндылықтарын қалыптастырады.
«Таза Қазақстан» идеологиялық тұжырымдамасының түпкі мәні көшелерді, аулаларды және айналамызды таза ұстаудан ғана емес, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бастайтын ниет пен пейілдің тазалығынан көрініс табады.
Отандастарымызды Тазару күнімен құттықтаймын!
Қазір табиғат игіліктерін ұқыпты пайдалану және саналы тұтыну жолын таңдаған азаматтарымыздың саны артып келеді. Бұл – жарқын болашағымызға кепіл болатын игі үрдіс.
Мен бүкіл халқымызды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырамын.
Бәріміз күш біріктірсек, елімізді биік белестерге жетелеп, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз.
Баршаңызға амандық және бақ-береке тілеймін», деді Президент.
Соңғы жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында бір мезетте 5 мыңнан астам домбырашы «Ақбұлақ» әнін орындады
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Тәулік бойы үзіліссіз жырлады: Ақтөбелік жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді
Мәдениет • Бүгін, 11:06
Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші кезеңінде Украина өкілін жеңді
Теннис • Бүгін, 10:43
Байқоңыр ғарыш айлағынан жөндеу жұмыстарынан кейін алғаш рет зымыран ұшырылды
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Шахтинскіде көпқабатты үйде газ жарылды: 8 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 10:03
Еліміздің бірнеше өңірін су басуы мүмкін: Синоптиктер ескерту жасады
Ауа райы • Бүгін, 09:41
Қаржы • Бүгін, 09:15
Көкшетауда Digital Наурыз өтті
Digital • Кеше
Жаңа Конституция азаматтардың дербес деректерін қалай қорғайды?
Ата заң • Кеше
Блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады
Президент • Кеше
Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты
Мереке • Кеше
Құтқарушылар көктемгі мұздың қаупі жайлы ескерту жасады
Қоғам • Кеше
«Тазару күні»: Ертең елімізде аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өтеді
Наурызнама • Кеше
Қосшыда жол жиегінен нәрестенің мәйіті табылды
Оқиға • Кеше