Тәжік ауған шекарасында ірі көлемдегі есірткі партиясы тоқтатылды

10.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығының мәліметінше, 2026 жылғы 10 ақпанда сағат 01:20 шамасында Хатлон облысындағы «Дарқад» шекара заставасының жауапкершілік аймағында төрт ауған азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Ауғанстан аумағынан Тәжікстанға кірген.

– Шекара әскерлері операция жүргізу барысында қылмыскерлердің қозғалыс бағыттарын анықтап, аса ірі көлемдегі есірткінің заңсыз айналымына жол бермеді. Ауғанстанның Таһар провинциясы Дарқад уәлаяты Майдапата қыстағының тұрғыны, шамамен 45 жастағы Авалмир валади Абдулхаким есімді күдікті ұсталды. Одан «гашиш» түріндегі есірткі заты салынған 46 пакет тәркіленді, – деп хабарлады ведомство.

Топтың өзге мүшелері Ауғанстан аумағына кері шегінген.

Еске салайық, 29 қаңтарда Тәжікстан шекарасында үш ауған контрабандашы жойылған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью