Тәжікстан билігі хиджаб киюге тыйым салды

28.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: istockphoto.com

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, елде ұлттық дәстүрге жат деп танылған киімдерді киюге және оларды елге әкелуге шектеу енгізілген. Әсіресе қара түсті хиджабтар мен араб стиліндегі кейбір киімдерге ерекше назар аударылып отыр.

Никаб киюге тыйым: Жамбылда 20-ға жуық заң бұзушылық анықталды

Сонымен қатар құқық қорғау органдары діни экстремизмге байланысты сақал қойған ер адамдарға бақылауды күшейткен. Осылайша елдегі билік өкілдері қала мен ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әйелдерді тәжік ұлттық киімін таңдауға шақырып отыр.

Тәжікстан билігі бұл шараларды діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, ұлттық мәдениетті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Бетін тұмшалап жүрген 1600-ден астам адам жауапкершілікке тартылды

Айта кетейік, Қазақстанда да адамның жүзін толық жабатын киім киюге тыйым салынған. Бұл талап ауа райы жағдайына, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан билігі парламенттік демалыс аяқталғаннан кейін хиджабты ұлттық әйелдер киімінің бір бөлігі ретінде қабылдауы мүмкін екендігін хабарлаған еді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью