Тәжікстан президенті Орталық Азияда ірі мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды

31.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азияда ірі мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тәжікстан басшысы осы бастамасын Чолпон-Атадағы Орталық Азия мен Әзербайжан елдері басшыларының бейресми кездесуінде жариялады. Оның айтуынша, әлемдік және жергілікті нарықтардағы қазіргі жағдайды ескерсек, зауытты салудың маңыздылығы зор.

"Осы аса маңызды мәселені ойластырайықшы. Салалық ведомстволарға ірі мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін пысықтау жұмысын тапсыруды ұсынамын", - деді Рахмон.

Тәжікстан президент бұл зауыттың құрылысында заманауи технологияларды қолдану қажеттігін де ерекше айтты. Ал өнімін таратқанда әрбір елдің ішкі сұранысын ескеру керек.

Айта кетері, кездесуге Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Қазақстан президенті Орталық Азияның рөлі сенімді түрде артып, әлемдік аренадағы аймақтың үні айқын әрі салмақтырақ шыға бастады деді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью