Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ұлттық банк мәліметінше, елде электронды төлем құралдары — банк карталары мен электронды әмияндар арқылы жалпы саны 136 млн қолма-қол ақшасыз операция жасалып, олардың көлемі 42,4 млрд сомониді құраған. Бұл көрсеткіштер 2024 жылмен салыстырғанда операция саны бойынша 47,1%-ға, ал көлемі жағынан 39,8%-ға жоғары.
Қолма-қол ақша алу мен қолма-қолсыз төлемдердің ара қатынасы 70,6% пен 29,4% деңгейінде қалыптасқан. Сонымен қатар, қолма-қолсыз операциялардың үлесі бір жыл ішінде 3,2 пайыздық тармаққа артқан.
Тек 2025 жылдың желтоқсан айының өзінде қолма-қолсыз төлемдердің үлесі 38,9%-ға жетіп, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,4 пайыздық тармаққа өскен.
Тәжікстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 35 пайызға өсті.