Тәжікстанда қылмыс деңгейі шамамен 5 пайыз көбейді

13.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода баспасөз мәслихатында 2025 жылы республикада 23 448 қылмыс тіркелгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 134 оқиғаға көп екенін хабарлады. Қазір елде қылмыстың ашылу көрсеткіші — 77,99 пайыз.

Мемлекетте зорлау, тонау, есірткі саудасы көбейіп, адам өлтіру, адам ұрлау, бұзақылық азайды. Есесіне, кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстардың өскені байқалды. 2024 жылы 674 оқиға тіркелсе, былтыр 715 жағдай анықталды.

Министр жол-көлік оқиғалары мен жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар санының артқанын атап өтті. 1373 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 643 адам қаза тауып, 1542-і жарақат алған. Ал бір жыл бұрын 1233 апат орын алып, 552 адам қаза болған.

Еске салайық, Тәжікстанда әйелдерге қатысты 3 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Сонымен қатар елде былтыр 5 тоннадан астам есірткі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью