Teacher’s Hackathon республикалық педагогикалық хакатоны өз мәресіне жетті

30.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Іс-шара еліміздің барлық өңірінен келген жас педагогтердің басын қосты. Хакатонға 76 мамандандырылған мектептен жас педагогтер қатысып, 15 командаға бөліне отырып білім беру саласындағы өзекті мәселелерге бағытталған инновациялық жобаларын әзірледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Екі күнге созылған хакатон барысында қатысушылар заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдана отырып, өз идеяларын ұсынды, тәжірибе алмасты. Бұл алаң жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби қауымдастықтағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

«Teacher’s Hackathon» - жас ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жобалық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды республикалық алаң ретінде қалыптасып келеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.   

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью