Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

12.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтон мен Тегеран арасында бейбіт келісімге қол қойылатыны туралы мәлімдемелерін негізсіз болжам деп атады. Бұл туралы IRNA телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтон мен Тегеран арасында бейбіт келісімге қол қойылатыны туралы мәлімдемелерін негізсіз болжам деп атады. Бұл туралы IRNA телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Келісімге қол қойылатын уақыт пен орын туралы хабарламалар әзірге тек болжам күйінде қалып отыр, ештеңе түпкілікті келісілген жоқ", - деді дипломат.

Ол Вашингтонның кейінгі екі айда бірнеше рет өз ұстанымын өзгертіп, оқ атуды тоқтату режимін талай мәрте бұзғанын атап өтті.

"Біз келісім мәтінінің негізгі бөлігі іс жүзінде келісілгенін бұған дейін де айтқанбыз. Мәселе америкалық шенеуніктердің өз өкілдері арқылы немесе БАҚ-қа берген көптеген сұхбаты арқылы әр жолы жаңа талаптар қоюында немесе ұстанымдарын өзгертуінде болып отыр", - деп түсіндірді Багаи.

Иран СІМ өкілі АҚШ-тың Иранға бірқатар негізсіз талапты таңуға бірнеше рет әрекет жасағанын айтып, Тегеранның өз принципті ұстанымдарынан қайтпайтынын қадап айтты.

Сонымен қатар Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) Әскери-теңіз күштері "Ормуз бұғазын бақылауды жалғастыратынын және одан өтуге әрекеттенген кез келген кемеге қатысты батыл әрекет ететінін" мәлімдеді.

Бейсенбіде, 11 маусымда, АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі журналистерге сұхбат беріп, АҚШ Иранмен қақтығысты тоқтатуға келіскенін, бірақ келісімге әлі де қол қою қажет екенін айтты. Ол келісімге осы апта соңында қол қойылуы мүмкін екенін айтты. Бұл Еуропада болуы мүмкін.

Трамптың айтуынша, Тегеран өзара түсіністік туралы меморандумда ядролық қаруға ие болуға ұмтылмауға міндеттеме алады. Сондай-ақ келісімнің бір бөлігі ретінде Иранға жасалған теңіз блокадасы алынып тасталады. АҚШ президенті құжаттардың алдағы бірнеше күнде түпкілікті ресімделетінін алға тартты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью