Тегеран ядролық және зымыран бағдарламаларынан бас тартпайды Иранның жоғарғы көшбасшысы

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мәлімдеме АҚШ-пен шиеленіс және Ормуз бұғазы төңірегіндегі дағдарыс аясында жасалды.

Иранның мемлекеттік телеарнасында оқылған жазбаша үндеуде Моджтаба Хаменеи Тегеран ядролық және зымыран әлеуетін ұлттық құндылық ретінде қорғауды жалғастыратынын айтты.

Оның сөзінше, иран қоғамы елдің ғылыми-техникалық әлеуетін, оның ішінде ядролық және зымыран бағдарламаларын, сондай-ақ нано және биотехнологияларды ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

Сонымен қатар ол Парсы шығанағы мен Оман шығанағы елдерінің «ортақ тағдыры» бар екенін атап өтті.

Оның бағалауынша, АҚШ-тың өңірдегі қатысуы тұрақсыздықтың негізгі факторы болып отыр.

— Америкалықтар үшін Парсы шығанағында жалғыз орын — оның түбінде, — делінген мәлімдемеде.

Ол сондай-ақ өңірдің болашағы АҚШ-тың қатысуынсыз даму мен тұрақтылықпен байланысты болатынын жеткізді.

Мәлімдемеде Ормуз бұғазы маңындағы жағдайдың «жаңа кезеңге» өткені айтылған. Иран тарапының бағалауынша, АҚШ алға қойған мақсаттарына жете алмаған.

Моджтаба Хаменеи Иран өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, стратегиялық су жолындағы жағдайды бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Жоғарғы көшбасшының мәлімдемесі Иранда бейсенбі күні атап өтілетін Парсы шығанағы күні қарсаңында жасалды.

Моджтаба Хаменеи жоғарғы көшбасшы қызметіне кіріскеннен бері көпшілік алдына шықпаған. Оның атынан жасалған мәлімдемелерді мемлекеттік телеарналар арқылы тарайды. Бұл жағдайды кейбір ирандықтар қауіпсіздік шараларымен байланыстырады.

Осыған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранның ядролық келісіміне кепіл болуы мүмкін екені туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью