Тегеранда АҚШ пен жасалған бейбіт келісімнің 14 тармағы жарияланды

15.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім жобасы 14 тармақтан тұрады. Бұл туралы Иранның Mehr телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.

АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім жобасы 14 тармақтан тұрады. Бұл туралы Иранның Mehr телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.

Тараптардың өзара түсіністік туралы қорытынды меморандум мәтінінде бірнеше ымыраға келгені хабарланды:

1. Барлық майданда, соның ішінде Ливандағы соғыс қимылдарын тұрақты әрі дереу тоқтату.
2. АҚШ Иранның ішкі істеріне араласпауға және Иранның егемендігін құрметтеуге міндеттенеді.
3. 30 күн ішінде теңіз блокадасын толықтай алып тастау.
4. АҚШ өз әскерлерін Иран айналасындағы аудандардан шығаруға міндеттенеді.
5. Иранның келісімімен 30 күн ішінде Ормуз бұғазының жұмысын қайта бастау.
6. Мұнай, мұнай-химия өнімдері мен оның туындыларын сатуға салынған санкцияларды тоқтата тұру және Иранның өз қаржы активтеріне толық қол жеткізуін қамтамасыз ету.
7. АҚШ пен оның одақтастары тарапынан Иранды қайта қалпына келтіру үшін кемінде 300 миллиард доллар сомасындағы жоспарларды ұсыну.
8. Ядролық мәселелер бойынша түпкілікті келісімге қол жеткізу және АҚШ-тың алғашқы, екінші деңгейлі санкцияларын, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Басқарушылар кеңесінің резолюцияларын толықтай алып тастау үшін 60 күн ішінде келіссөздер жүргізу.
9. Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) адалдығын растайды және ядролық қару өндірмеуге міндеттенеді.
10. АҚШ аймақтағы өз әскерінің санын көбейтпеуге және жаңа санкциялар енгізбеуге міндеттенеді.
11. Қорытынды келіссөздердің 60 күндік кезеңі ішінде Иранның бұғатталған 24 миллиард доллар қаражатын босату. Бұл соманың жартысы келіссөздер басталғанға дейін Иранға берілуі тиіс.
12. Келісімнің іске асырылуын бақылау механизмін құру.
13. Түпкілікті келісім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен мақұлданатын болады.
14. Иранның бұғатталған қаражатының жартысы босатылмайынша, иран мұнайына қатысты санкциялар тоқтатылмайынша және теңіз блокадасы алынбайынша қорытынды келіссөздер басталмайды. Түпкілікті келісім тек байытылған материалдар мен уранды байыту мәселесі, санкцияларды алып тастау және Иранның экономикасын қалпына келтіру бағдарламасы төңірегінде жасалады. Иранның зымыран бағдарламасы мен қарсылық топтарын қолдау мәселелері күн тәртібінен біржола шығарылды.

Дүйсенбіге қараған түні АҚШ пен Иран бейбіт мәмілеге келгендерін жариялады. Құжатқа қол қою рәсімі 19 маусымда өтеді. Екі мемлекет билігінің мәліметінше, Американың теңіз блокадасы бүгіннен бастап тоқтатылады, ал Ормуз бұғазын ашу және оны кейіннен миналардан тазарту жұмыстары келісімге ресми түрде қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Тегеран тарапынан мәміле шарттарының орындалуы Таяу Шығысты алдағы 50 жылға түбегейлі өзгертіп, оны инвестициялар үшін қолайлы аймаққа айналдыратынын атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью