Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Kaspi.kz 2026 жылдың ақпанынан бастап депозиттер мен аударымдарға қатысты талаптарды күшейтті. Қоғамда қызу талқы тудырған бұл жаңашылдықтарды инвесторлар қауымы жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Жаңа жинақ депозитінің басты ерекшелігі – қаражатты мерзімінен бұрын алуға болмайды.
Жаңа депозиттің шарттары төмендегідей:
Депозит мерзімі – 3 ай, автоматты түрде ұзартылады; Мерзім аяқталғанға дейін ақша шешіп алуға болмайды; Қаражатты тек ұзарту күні келгенде ғана алуға болады. Егер сол күнді өткізіп алсаңыз, депозит тағы 3 айға автоматты түрде ұзартылады. Шоттағы ең төменгі қалдық – 100 000 теңге.Бұл талаптар клиенттер үшін қаржылық тәртіпті күшейтсе, банк үшін тұрақты өтімділік қорын қамтамасыз етеді.
Экожүйеден тыс аударымдар қымбаттады«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
Kaspi.kz клиенттерді өз жүйесі ішінде қалдыруға мүдделі. Енді тегін аударымдар тек Kaspi.kz ішіндегі шоттар арасында жүзеге асады. Ал өзге банктерге аударым – соманың 0,95%-ы, ең төменгі комиссия 200 теңге болады. Халықаралық аударымдарға да шектеу қойылды: бір операцияға 2 500 доллардан, айына 10 000 доллардан асыруға болмайды. Ал жалақы жобалары, іссапар және ГПХ-шоттар үшін комиссия 149 теңгені құрайды. Осылайша, қаражатты экожүйе ішінде сақтау және пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді бола түсті.
Таза пайда 7%-ға өсті: Өсім бойынша қай банк көш бастап тұр?
Нарық сарапшылары, соның ішінде BCC Invest мамандары банктің бұл қадамдарын оң бағалап отыр. Соңғы болжамдар бойынша, акция бағасы 57 955 теңгеге дейін жетіп, өсім әлеуеті 44%-ды құрамақ. 2025 жылдың 9 айындағы таза пайда 791 млрд теңгеге жетіп, меншікті капиталдың табыстылығы (ROE) 47%-ды көрсетті. Түркия нарығына «Hepsiburada» арқылы шығу экожүйенің табыс көздерін әртараптандыруға жол ашты. Бұл шаралар комиссиялық кірісті ұлғайтып, акционерлер үшін табыстылықты арттыратыны анық.
Соңғы жаңалықтар
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Қысқы Паралимпия ойындары: Ұлттық құрама тізіміне кімдер енді?
Қысқы спорт • Бүгін, 14:20
Қызылордада анасына қол көтерген қатыгез 6 жылға сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:19
Қостанайдағы онкологиялық ауруханаға «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды
Медицина • Бүгін, 14:02
Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?
Банк • Бүгін, 13:35
Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:15
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Медицина • Бүгін, 13:00
Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:58
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 12:51
Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады
Оқиға • Бүгін, 12:40
Қытайда қиын ауа райы жағдайында көлікті күрделі сынақтан өткізетін зертхана ашылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
Банк • Бүгін, 12:23
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ұжымы референдумға қатысуды қолдады
Референдум • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады
Қазақстан • Бүгін, 12:02