Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?

04.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының өкілі Екатерина Смолякова мектептердегі тегін ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде бюджет қаражатын жоспарлау мәселесін көтеріп, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Талдау нәтижесі бірқатар өңірде қаржыны нақты қажеттіліктен артық жоспарлау фактілері бар екенін көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Депутаттың айтуынша, кей өңірлерде тегін тамақтандыруға арналған бюджет 170 оқу күніне есептеледі. Ал іс жүзінде оқу күндері 165 күннен аспайды. Айырмашылық – небәрі 5 күн. Алайда бұл аз сома емес.

Мысалы, Астана қаласында 111 мыңнан астам оқушыны бір күн тамақтандыруға шамамен 90 млн теңге жұмсалады. Демек, 5 күнге артық жоспарлау 450 млн теңгеге жуық қаражаттың негізсіз қарастырылуына әкеледі.

«Егер нақты қажеттілік белгілі болса, неге бюджет бастапқыдан артық жоспарланады?» дейді депутат.

Ел бойынша мектеп асханаларын ұйымдастырумен 2000-нан аса кәсіпкер айналысады. Соның шамамен 200-і ғана ҚҚС төлеуші, яғни 10%-ы.

Соған қарамастан, көптеген өңірде бюджеттік өтінімдер барлық кәсіпкер ҚҚС төлейді деген есеппен жасалады. Соның салдарынан қажеттілік шамамен 16%-ға артық қалыптасады.

Биыл мектептердегі тегін тамақтандыруға 192 млрд теңге бөлінгенін ескерсек, 30 млрд теңгеге жуық қаражат артық жоспарлануы мүмкін.

Астанада 22 кәсіпкердің тек біреуі ғана ҚҚС төлейді. Соған қарамастан, 14,4 млрд теңге бюджет ҚҚС-пен есептелген, бұл 2,1 млрд теңгенің негізсіз қарастырылғанын көрсетеді.

Депутаттың айтуынша, дәл осы «қаржы жетіспеушілігі» уәжімен жаңа тамақтану стандартын енгізу кейінге шегерілген. Ал артық жоспарланған қаражат кейін «жоспарлы үнем» ретінде бюджетке қайтарылады.

«Неге бұл қаражатты балалардың тамағын жақсартуға бағыттамасқа?», деді депутат.

Индексация және кәсіпкерлердің шығын: Статистикадағы сәйкессіздік

Мектептегі тамақ құны бірқатар өңірде жыл сайын индексацияланбайды немесе экономикалық негіздемесіз бекітіледі. Соның салдарынан кәсіпкерлер прокуратураға жүгінуге мәжбүр болған жағдайлар бар. Мұндай мысалдар Ақтөбе облысы мен Астанада тіркелген.

Тағы бір мәселе – сабақтардың онлайн форматқа ауысуы. Кәсіпкерлер ас дайындауды таңғы сағат 5–6-дан бастайды, азық-түлікті алдын ала сатып алады. Ал онлайнға көшу туралы ақпарат кеш берілген жағдайда шығын олардың мойнында қалады.

Депутаттың айтуынша, биылдың өзінде 12 оқу күні онлайн форматта өткен. Соның нәтижесінде бір қалада бюджет шамамен 1 млрд теңге үнемдеген, ал бұл сома кәсіпкерлердің нақты шығынына айналған. Депутат мемлекеттік органдарға ұсынылатын деректердің нақты жағдайға сәйкес келмейтінін де атап өтті.

Мәселен, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Маңғыстау облысында бір оқушының тамағы 900 теңге деп көрсетілген. Ал Мемлекеттік сатып алулар порталындағы нақты келісімшарттарда баға 543,1 теңге. Айырмашылық – елеулі.

Мұндай алшақтық:

Мемлекеттік статистиканың бұрмалануына; Басқарушылық шешімдердің қате дерекке негізделуіне; Стандарттардың орындалуы жөнінде жалған көрініс қалыптасуына; Өңірлерді салыстырудың объективті болмауына әкеледі.

Мектеп асханасы мәзірінде қант пен тұз азайтылады

Осыған байланысты депутат Екатерина Смолякова:

Өңірлерге бюджеттік өтінімдерді нақты қажеттілікке сай қалыптастыру жөнінде түсіндіру жүргізуді; ҚҚС-ты негізсіз енгізуге жол бермейтін бірыңғай әдіснаманы бекітуді; Мектеп тамақтандыруына республикалық деңгейде ең төменгі кепілдендірілген шекті баға белгілеуді; Тамақ құнын жыл сайын міндетті индексациялауды; Онлайн форматқа көшу кезінде кәсіпкерлердің нақты шығынын өтеу тетігін қарастыруды; Статистикалық деректердің дұрыстығын тексеріп, бірыңғай есептілік жүйесін енгізуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, мәселе формула мен есептеуде емес. Әңгіме – балалардың сапалы тамағы, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы және мемлекеттік деректердің шынайылығы туралы.

Мектеп асханасындағы өзгеріс

Соңғы жаңалықтар

8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?

Елорда • Бүгін, 13:44

«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады

Үкімет • Бүгін, 13:24

АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады

Әлем • Бүгін, 13:00

Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?

Сауда • Бүгін, 12:47

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады

Қоғам • Бүгін, 12:35

Найджел Джеймс Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды

Спорт • Бүгін, 12:27

Иран төңірегіндегі шиеленіс: Мұнай бағасы ай басынан бері шамамен 24%-ға өсті

Оқиға • Бүгін, 12:16

Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 11:59

«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру арқылы қалай табыс табуға болады?

Қоғам • Бүгін, 11:52

Түркия Иран азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды

Әлем • Бүгін, 11:43

eGov арқылы темір тұлпарды тіркеу: Сатып алудан сатуға дейінгі үдеріс жеңілдеді

Қоғам • Бүгін, 11:34

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен үш адам аман-есен табылды

Оқиға • Бүгін, 11:23

Алматыда балаға күш қолданған оңалту орталығының қызметкері қамауға алынды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:10

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы сайланды

Әлем • Бүгін, 10:55

Астанада арнайы рұқсатсыз жұмыс істеген тамақтану орындары анықталды

Елорда • Бүгін, 10:47

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью