Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Көлік министрлігі спутниктік интернет қосылған пойыздардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жүретін пойыздарда халыққа барынша жағдай жасауға басымдық беріледі. Ал негізгі мәселелердің бірі - интернет. Бірнеше пойызда спутниктік интернет бар. Олар:
Қызылорда – Павлодар;
Жезқазған – Астана;
Астана – Семей;
Алматы – Достық;
Қызылорда – Көкшетау.
Пойызда интернетке қосылу үшін Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту қажет. Осыдан кейін WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламаларды жіберуге болады.
"Бұдан бөлек интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге, бейнесервистерге және жұмысқа арналған қосымшаларға толық қолжетімділік беретін ақылы тарифті рәсімдеуге мүмкіндік бар", - дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, бұған дейін “Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы жолаушылар пойыздарын интернетке жаппай қосу жұмыстары басталғанын мәлімдеген болатын.