Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ел азаматтары үшін жоғары технологиялық операция түрлері қолжетімді бола түсті.
Мәселен, Елордадағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында былтырдың өзінде бір жарым мыңнан астам күрделі операция жүргізілген. Сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек ел азаматтарына тегін көрсетілген.
9 жыл бұрын алматылық Арман Смағұлов жол апатына түсіп, омыртқасын жарақаттаған. Салдарынан жүру қабілетінен айырыла жаздады. Кейін елордадағы Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында заманауи құрылғылардың барын біліп, арғы ем шарасын осында жалғастыруды көздеген.
Арман Смағұлов, Алматы қаласының тұрғыны:
- Осы кезеңдегі екінші операциям. 2020 жылы мойныма жасалды опеарция. Мынау енді 2026 жылы беліме жасап жатыр травма трещина болған соң. Осы клиниканы таңдағаным бекер емес. Интернет желісі бар, бәрін біліп, оған қоса дәрігерлермен екінші тәжірибем бар. Операцияны өте жақсы жасайды. Бұл енді жай больница емес, ғылыми клиника.
Бүгін ғылыми орталықта 3 операция өткізу жоспарланған. Науқастардың бірі жасөспірім. Оның омыртқасына хирургиялық ота жасалады. Ол үшін дәрігерлер Орталық Азияда баламасы жоқ жоғары технологиялық жабдықты пайдаланамыз, дейді.
Сейдәлі Әбдалиев, травматолог-ортопед:
- ОАРМ система деген бар, навигациялық система, мониторинг дегені бар. Олардың көмегінсіз ондай үлкен күрделі операцияларды өткізу өте қиын. Сондықтан бізде жоғары технологиялардың бәрі бар. Бізде жас жігіт науқас. бірнеше рет операция болды. 5 жасынан басталған операциясын істегенбіз. Қазір 14 жаста. Бірақ осы туа біткен аномалия болған соң бірнеше этапты операциялар жасауға тура келеді.
Ғылыми орталықта балаларға 1 жастан бастап түрлі деңгейдегі операциялар жасалады. Ал жалпы еліміздің түкпір-түкпірінен келген науқастардың бәрі дәрігерлердің шұғыл және жоспарлы көмегін ала алады. Барлық хирургиялық операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тегін жасалады.
Олжас Бекарысов, Академик Н. Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры:
- Бүкіл қазақстандық ем қабылдайды. Біріншіден, шұғыл түрде түскен Астана тұрғындары жарақаттырымен келеді, жедел жәрдеммен, өз еркімен келеді қабылдау бөлімшесіне. Екіншіден, жоспарлы түрде бүкіл елден науқастар келіп, жоғары мамандандырылған ем қабылдайды. Орталық Азияда тек бізде бар жабдықтар. Интероперациондық компьютерлі томограф бар бізде навигациямен. Сол арқылы өте қиын, аз инвазивті операция жасауға болады, мысалы кішкентай балаларға сколиозбен. Егер қатты деформация болса, жақсы көмек береді біздерге.
Жыл сайын елдегі мыңдаған азамат миға жасалатын операция, кардиостимуляторды имплантациялау және ағзаларды трансплантациялау секілді күрделі ем-шара қабылдайды. Олардың құны 8 миллионнан 17 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Алайда жоғары технологиялық операциялар әрбір сақтандырылған азаматқа қолжетімді. Тегін жәрдемді алу үшін тек тиісті мәртебе қажет, дейді мамандар.
Альмира Оразбай, Диас Ковланбаев