Тегін жатақхана мен шәкіртақы: Қытай грантын қалай жеңіп алуға болады? | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қытайдың жоғары оқу орындарына түсу үшін құжат қабылдау басталды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәліметінше, көрші ел Қазақстан азаматтары үшін 73 білім грантын бөлген, деп жазады Egemen.kz.
Мұндай мүмкіндік Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің негізінде ұсынылған.
Қытай халық республикасының мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға үміткерлер бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша құжат тапсыра алады.
Грант негізінде тегін оқу мүмкіндігімен қатар, ай сайынғы стипендия, медициналық сақтандыру тағайындалып, арнайы жатақхана беріледі.
Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты Ал қалған шығындарды талапкердің өзі өтейді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өту тиіс https://campuschina.org 2026 жылдан бастап ҚХР-дың жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесін алуға үміткер барлық шетелдік талапкерлер шетелдік студенттерге арналған академиялық дайындық тестінен (CSCA) өтуге міндетті.
Читать полностью
Читать новость