Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Атамекенді аңсап жетіп, Рудный қаласының маңайына қонған қандастардың арасында кен, теміржол, техника саласының қыр-сырын меңгерген майталмандар аз емес. Солардың бірі – «ERG Service» ЖШС №2 техникалық қызмет көрсету және жөндеу бөлімінің электр шебері Ертуған Құдабаев. Тәжірибелі маманның бір салада табан аудармай еңбек етіп келе жатқанына 35 жыл болды.
Кейіпкеріміз Өзбекстанның Науаи облысында туып-өскен. Бұхарадағы ауыл шаруашылығы техникумын бітірген соң, 19 жыл бойы Науаи кен зауытында әйгілі «БелАЗ» көліктерінің электр жүйесін жөндеумен айналысқан.
– Электр слесарі мамандығы – техника мен технологияның тоғысқан жері. Біздің міндетіміз тек темір бұрау немесе сым жалғау емес, кен байыту комбинатының жүздеген тонна тау жыныстарын өңдейтін, кешенді электр жүйелері мен ауыр техникалардың жұмысын кідіртпей, дер кезінде алдын алып немесе жөндеп отыру, – дейді Ертуған.
2012 жылы тарихи отанына оралған білікті Ертуған бірден Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігіне жұмысқа орналасады. Бүгінде «ERG Service» серіктестігінде энергетикалық құрылғылар мен «ақылды» технология жабдықтарын қалыпқа келтіріп жүр. Әмбебап маман кен өндірісінде пайдаланылатын қуатты құрылғылардың қозғалтқыштарын, алып техникалар мен өзге де кеніш жабдықтарының электрлік, механикалық ақауын жойып, қайтадан іске қосып беріп отырады.
– Ауыр техникамен жұмыс істеген соң қауіпсіздікке қатаң қараймын. Қазіргі кәсіпорындарда құрылғылар жиі жаңарады. Сондықтан жаңа технологияларды, заманауи диагностика құралдарын дер кезінде меңгеріп отыру маңызды. Біз техника кешенінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз, – дейді ол.
Бүгінде аға буын қатарына іліккен Ертуған ізбасар тәрбиелеуден де жалыққан емес. Кеніш жолдарында жүретін ауыр техниканың электр жүйесін диагностикадан өткізу, жөндеу тәрізді маңызды міндетті атқару жан-жақты білімді, тиянақтылықты, үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан серіктестікке енді келіп жатқан жас маман жұмысқа әбден төселіп алғанша Ертуғанның қарауында болады.
– Қазір өндіріске жастар көп келіп жатыр. Электр жүйесінде қателікке жол жоқ, кішкентай ақаудың өзі үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан кейінгі буынға білмегенін үйретіп, бағыт-бағдар беремін. Жастар біліммен қоса, жылдар бойы жинаған тәжірибеден кейін келетін білік деген нәрсе бар екенін әрдайым жадында ұстауы керек. Техниканың бәрі бірдей емес. Әрқайсысының өз сыры, өз құпиясы бар. Шәкірттерім қазір әр жерде, тау-кен саласында еңбек етіп жүр. Мысалы, Бақдәулет Сопыбеков деген шәкіртіме электр сызбаларын, құрылғыларды жөндеу әдістерін үйреттім. Сонымен қатар жүктелген міндетке аса жауапкершілікпен қарауды, жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздікке мән беруді күн сайын құлағына құйып отырдым. Шәкіртім үмітімді ақтады, қазір осы өзім жұмыс істеп жатқан учаскенің бас энергетигі болып қызмет етеді, – дейді электрші.
Өз ісінің нағыз шебері Е.Құдабаев бүкіл ұжымның алдында абыройлы. Түтіні түзу ұшқан бір шаңырақтың арқа сүйері болып отырған азамат өз отбасына, туыс-туған, айналасына да қадірлі.
Қостанай облысы
Соңғы жаңалықтар
Педагогтер халықаралық жарыста топ жарды
Білім • Бүгін, 23:42
Жүйелі де сапалы шаралар керек
Пікір • Бүгін, 08:10
Ата заң жобасы: бірнеше бап нақтыланды
Саясат • Бүгін, 08:05
Ел мүддесін қорғау үшін түбегейлі жаңару мен экономиканы нығайту маңызды
Саясат • Бүгін, 08:00
Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды
Елорда • Бүгін, 00:06
Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрін құттықтады
Президент • Кеше
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
Президент • Кеше
«Таза Қазақстан» • Кеше
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды
Күрес • Кеше
Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Олимпиада • Кеше
Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты
Оқиға • Кеше
Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Кеше
Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті
Аймақтар • Кеше