Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазір ғылым мен білім саласында әлемдік деңгейде мойындалып жүрген қазақ жастары аз емес. Солардың бірі – инженерия докторы Гүлмира Хани. Бүгінде ол Бейжің қаласындағы беделді жоғары оқу орнының бірі – Солтүстік Қытай электр энергетика университетінің профессоры әрі докторанттардың ғылыми жетекшісі.
Қарапайым қазақ ауылында өмірге келген Гүлмира табандылығының арқасында ғылым мен білім саласында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, миллиардтар еліндегі ғылыми ортада кеңінен танылған. Ол Бейжің қаласының үздік таланттары қатарынан көрініп, жас оқытушылар арасындағы үздік педагог марапатына ие болған. Сондай-ақ Қытай ғылыми-техникалық терминдерді бекіту комитетінің, Бейжің қаласының ғылыми-инновациялық комитетінің мүшесі әрі Чанпин аудандық халық өкілдері жиналысының депутаты ретінде қоғамдық қызметті де атқарады. Сонымен бірге Бейжіңде зертханасы бар санаулы қазақ ғалымдарының бірі.
Оның «Жаңа энергетикалық материалдар» атты оқулығы көрші елде мемлекеттік деңгейдегі үздік курс және Бейжің қаласының үлгілі оқу бағдарламасы ретінде бағаланған. Бұл оның педагогикалық шеберлігі мен ғылыми әлеуетінің жоғары екенін айғақтайды.
Гүлмира Хани – ғылым жолында халықаралық тәжірибесі мол зерттеуші.
Докторлық оқуын жалғастыру барысында ол Ұлыбританиядағы Бристоль университетінде білім алған. Кейін АҚШ-тағы Northwestern университетінде тағылымдамадан өтіп, ғылыми зерттеулерін тереңдете түсті. Сонымен бірге Аустралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетімен, Ресейдегі Оңтүстік Орал мемлекеттік университетімен бірлескен ғылыми жобаларға қатысқан.
– Бала кезімнен материалдық ғылымға қатты қызықтым. Жоғары мектепке оқуға түскенде материалдық физика мамандығында білім алдым. Сол кезде кей заттарға түскен күн энергиясын басқа заттарға көшіруге болатынын түсіндім. Бұл салаға қызығушылығым осылай басталды. Кейін білімімді жетілдіру мақсатында Англияға барып оқығанымда, сондағы осы саланы терең зерттеген профессорлардың жетекшілігімен өз салам бойынша мол тәжірибе алдым. Осы уақытта жартылай өткізгішті күн астына қойсақ, ол токқа айналатынына көз жеткіздім. Осы бір ұшқын осы саланы терең зерттеуге жетелеп келеді, –дейді ол.
Профессор Гүлмира Хани қазіргі энергетика саласы үшін маңызды бағыттардың бірі – жаңа буын жұқа қабатты күн батареялары мен фотоэлектрлік функционалдық материалдарды зерттеумен айналысады. Оның жетекшілігімен 20-дан астам ғылыми жоба жүзеге асты. Ол тәжірибесі мен білімін негіз етіп, осыған дейін 70-тен астам халықаралық ғылыми мақала жариялап, 5 өнертабысына арнаулы патент құқығын алған.
Ғалым білім саласына зор үлес қосып келеді. Бүгінге дейін ағылшын тілінде жарық көрген үш ғылыми кітаптың бас редакторы. Оның біреуі – Бейжің қаласының үздік оқу құралдарының қатарына енгізілген. Сондай-ақ оның жетекшілігімен студенттер ғылыми инновациялық байқауларда 15-тен астам ұлттық жүлде иеленіпті. Ол құрастырған күн энергиясы туралы ағылшынша ғылыми еңбек аз ғана уақыт ішінде Қытайда 10 мың данамен сатылып кеткен. Себебі бұл Қытайда аталған сала бойынша шыққан алғашқы оқулық екен. Қазір бұл кітапты Қытайдағы танымал университеттер оқулық ретінде пайдаланады.
Ғылыми-педагогикалық қызметі үшін Гүлмира Хани біраз марапатқа ие болды. Олардың қатарында мемлекеттік педагогикалық жетістік сыйлығының II дәрежесі, Бейжің қаласының педагогикалық жетістіктері үшін арнайы сыйлығы, сондай-ақ жас оқытушылар арасындағы республикалық байқаулардың жүлделері бар.
– Табиғи байлық азайып бара жатқандықтан, болашақта жаңа энергиядан ток шығару ауқымды үрдіске айналуы әбден мүмкін. Он екі жыл бұрын атажұртқа барып, жаңа энергетика саласында ізденіп жүрген студенттерге дәріс оқығанмын. Шындығында ол кезде біздің айналамыз, қоғамымыз бұл туралы аз білетін. Араға он жыл салып қайта барғанымда, қазақ елінің бұл саланы зерттеуге деген құлшынысы айтарлықтай дамығанына көзім жетті. Айталық, тәжірибеханалар да, мамандар да толысқан. Сонымен бірге жаңа энергия туралы зерттеу жұмысын жазып жүрген жас ғалымдар да көбейген. Олардың халықаралық беделді ғылыми журналдарда жариялаған мақалалары да мадақтауға татиды екен, – дейді профессор.
Гүлмира Ханидің ғылымдағы табысы – білім мен ізденістің, табандылық пен еңбекқорлықтың нәтижесі. Оның халықаралық деңгейдегі ғылыми еңбектері жаңа энергетика саласының дамуына үлес қосып қана қоймай, қазақ жастарының ғылымдағы мүмкіндігінің кең екенін дәлелдейді.
Соңғы жаңалықтар
Экономика • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?
Сараптама • Бүгін, 08:48
Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады
Қоғам • Бүгін, 08:45
Технология мен ғылымды тоғыстырған
Ғылым • Бүгін, 08:43
Алматы Кремний алқабына айнала ма?
Ғылым • Бүгін, 08:40
Білім • Бүгін, 08:38
Жәдігер • Бүгін, 08:35
Көрме • Бүгін, 08:33
«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім
Әдебиет • Бүгін, 08:30
Өнер • Бүгін, 08:28
Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті
Әдебиет • Бүгін, 08:25
Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген
Тұлға • Бүгін, 08:23
Су тасқыны • Бүгін, 08:20
Әдебиет • Бүгін, 08:18