Телефон ұрлығымен айналысқан: 12 қылмыстық топтың жолы кесілді

26.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40%-ға төмендеген.

"Полицейлер осындай 900-ден астам қылмысты ашты. Ұрланған телефондар иелеріне қайтарылды. 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілді.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударып отыр. Мысалы, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталып, одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленген.

ІІМ ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью