Телефон ұстау, белдік тақпау: Алматыда камералар жол ережесін бұзудың жаңа түрлерін тіркейді

10.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

– Жаңа нормалар жүргізушілер үшін қосымша шектеулер енгізбейді және талаптарды күшейтпейді. Заң талаптары өзгеріссіз қалады – тек құқық бұзушылықтарды тіркеу тәсілі жаңарады. Басты мақсатымыз – заманауи технологиялардың көмегімен жолдағы тәртіпті арттырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деді Алматы полициясының Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының өкілі Айдын Меркімбаев.

Бұған дейін автоматты жүйелер құқық бұзушылықтың 6 түрін тіркейтін: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, дұрыс тоқтамау немесе тұрақ ережесін бұзу, озу қағидаларын бұзу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу. Енді олардың мүмкіндігі кеңейтіледі. Автоматты тіркеу камералары қосымша құқық бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау деректерін де анықтай алады. 

Сонымен қатар міндетті сақтандыру полисінің болмауы, техникалық байқаудың мерзімінің өтуі және заңнамада көзделген өзге де құжаттық сипаттағы бұзушылықтар автоматты түрде тіркелетін болады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында орташа жылдамдық камералары орнатылғанын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью