Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АCТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда телефондарды верификациялау (тексеру) жүйесін мемлекеттік компанияның бақылауына беру жоспарланып отыр.
Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, бұл функцияны мемлекеттік монополияға беру мәселесі талқылануда. Қазіргі уақытта верификациямен жеке компания айналысады.
"Тиісті нормативтік өзгерістер мәжілісте қаралып жатыр. Біз оны мақұлдайды деп үміттенеміз. Егер қабылданса, бұл жұмыспен 100 пайыз мемлекетке тиесілі компания айналысады", – деді Коняшкин.
2025 жылдың көктемінде Қазақстанда телефондарды IMEI арқылы верификациялау жүйесі іске қосылған болатын.