Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ұлттық музейде суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет» атты жеке көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме суретшінің шығармашылық жолындағы 200-ші мерейтойлық экспозициясы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы бұған дейін музей қабырғасында көптеген халықаралық деңгейдегі көрме өткенін атап өтіп, бұл жоба да көрерменнің жоғары қызығушылығына ие болатынына сенім білдірді.
«Аңсаған Мұстафаның туындылары адамды ойлануға, қоғамдағы өзгерістерге тереңірек үңілуге жетелейді. Ұлттық музей мұндай шығармашылық бастамаларды үнемі қолдап, қоғамдағы өзекті мәселелерді өнер арқылы көтеруге мүмкіндік беріп келеді», деді ол.
Көрме экспозициясына автордың заманауи қоғамдағы маңызды әлеуметтік тақырыптарды арқау еткен 70-ке жуық графикалық жұмысы қойылған.
Суретші өз еңбектерінде әлеуметтік желі дәуіріндегі жалғыздық, технологияға тәуелділік, адамдар арасындағы қарым-қатынас, отбасы құндылықтарының әлсіреуі, жұмыссыздық, қаржылық қиындықтар мен цифрлық тәуелділік сияқты өзекті мәселелерді көркем тілмен бейнелейді.
Суретшінің айтуынша қоғамдағы аталған мәселелер тек жергілікті емес, жаһандық сипат алып отыр.
Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Дәулет Кәрібек көрменің мазмұнына тоқталып, әлеуметтік желінің адамның ойлау жүйесіне әсері туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, адам тұтынатын ақпарат оның дүниетанымына тікелей ықпал етеді, сондықтан ақпараттық кеңістікті таңдауда сақ болу маңызды.
«Аңсаған Мұстафаның шығармашылығы – бүгінгі қоғамның айнасы іспетті. Бұл туындылар әр көрерменді ойландырып, өз таңдауына сын көзбен қарауға жетелейді», деді ол.
2014 жылы Астанада бастау алған «Сөйле, сурет» жобасы кейін Қазақстанның барлық өңірінде таныстырылып, шетелдерде де жалғасын тапқан. Бүгінде суретшінің еңбектері әлемнің 30-дан астам елінде көрерменге ұсынылған.
Көрме Ұлттық музейдің 6-қабатында 2026 жылғы 19 мамырға дейін келушілерге ашық болады.
Соңғы жаңалықтар
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 16:57
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент • Бүгін, 16:40
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 16:38
Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 16:33
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Оқиға • Бүгін, 16:19
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мереке • Бүгін, 15:43