Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бұған дейін мессенджерде медициналық жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған Ұлттық біліктілік тестінің жауаптары жарияланып кеткен. Соның салдарынан мамыр айында өткізілген емтихан нәтижелері жойылды.
Ресейде Telegram және WhatsApp арқылы қоңырауларға шектеу қойылды
Үндістанның киберқылмысқа қарсы күрес ұлттық орталығының мәліметінше, бірнеше Telegram-арнаның әкімшілері талапкерлерден емтихан тапсырмаларына қол жеткізу үшін жүздеген мың рупий талап еткен.
Енді талапкерлерге тест тапсырмаларын қайта тапсыру мүмкіндігі 21 маусымда беріледі. Бұл жолы билік қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды жөн көрген.
Telegram-ды бұғаттау туралы шешім ақпараттық технологиялар туралы заң негізінде қабылданды.
Айта кетейік, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы алаяқтардың Telegram аккаунттарына бұзып кірудің жаңа схемасы туралы ескертті.