Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Журналист Асхат Садырбайға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астана қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын растады. Іс бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызының арызы негізінде тіркелген. Тергеу амалдарын Есіл аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Ресми мәліметке сәйкес, 1992 жылы туған Қорабаева Айғаным Болатқызы 1986 жылы туған бұрынғы күйеуі Асхат Мұратович Садырбаевқа қатысты тиісті шара қолдануды сұрап, құқық қорғау органдарына жүгінген. Полицияның хабарлауынша, 2025 жылдың 9 қазанында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Айғаным Болатқызы бұған дейін әлеуметтік желілерде бұрынғы жұбайы өзіне күш көрсетіп, азаптап, соққыға жыққанын мәлімдеп, қоғам мен құқық қорғау органдарынан қолдау сұраған еді. Ал Асхат Садырбай тағылған айыптарды жоққа шығарып, мұны жала деп атаған. Сондай-ақ бұған дейін журналист экс-жұбайына қарсы сотқа жүгініп, сотта жеңіске жеткені де айтылған.
Кейін Айғаным Болатқызы денесіндегі жарақаттарды көрсетіп, қайтадан арыз түсірген.
Қазіргі уақытта іс аясында сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды.