Темекі қалдығы үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

28.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азаматқа қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Сотта анықталғандай, ол темекі қалдығын тастап, қоғамдық орынды ластаған. Сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат  кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта қайталамайтынын, қатаң жаза қолданбауды сұраған.

Сот қаулысына сәйкес, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью