Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз отыр

03.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Теміртаудағы жылу магистраліндегі жарылыс салдарынан бірнеше үйдің тұрғындары бір аптаға жуық жылусыз қалды. Қала билігі мәселені екі күн ішінде шешуге уәде бергенімен, 30 градус аязда қалған жұртшылық үшін әр сағат қымбат, деп жазады Egemen.kz.

Теміртау қаласында коммуналдық апат салдары ауыр тиді. Жылу магистраліндегі ақау салдарынан шамамен отыз ғимаратта жылу тоқтаған. Демалыс күндері ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендеп, жағдай күрделене түсті. Пәтерлердегі батареялар жарылып, су және кәріз жүйелері қатып қалған. Кейбір тұрғындар үйлерін уақытша тастап кетуге мәжбүр болды.

Мәселенің тағы бір қыры – жылу желілерінің құқықтық мәртебесі. Анықталғандай, аталған үйлерге жылу жеткізетін құбырлар ресми түрде ешбір мекеменің балансына алынбаған. Тұрғындар кезінде орталық жүйеге өздері қосылып, қызмет ақысын төлеп келгенімен, құбырлардың ұсақ ақауларын өз қаражатына жөндеп отырған. Ал бұл жолғы апаттың ауқымы қалалық қызметтердің араласуын қажет еткен.

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Билік балама ретінде газға қосылуды ұсынды. Алайда көгілдір отын желісі бұл көшеге тек өткен жылдың желтоқсан айының соңында ғана тартылған. Тұрғындар жаңа жылыту жүйесіне кейінірек көшуді жоспарлаған. Апат бұл жоспарды өзгертті.

Қосылу құны кейбір отбасылар үшін ауыр тиіп отыр. Қала әкімдігі бес жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

«Бүгінде 26 үйдің 18-і техникалық шарт алды. Жеті үйде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Бір үйде орталық газ бар», деді қала әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков.

Қазір көшеде газ жабдықтарын орнату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Кейбір тұрғындар туыстарының үйіне уақытша көшкенімен, барлығы бірдей баспанасын тастап кете алмаған.

Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше ғимарат жылусыз қалды

Қала билігі апат салдарын жою мен газға қосу жұмыстары шамамен екі күнде аяқталады деп сендірді. Тұрғындар болса, суық қайта күшеймей тұрып үйлеріне жылу берілсе екен деп үміттеніп отыр.

Қостанай тұрғындары жылусыз қалды

Соңғы жаңалықтар

Ирандағы отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?

Әлем • Бүгін, 13:00

«Стрептоцидке» тыйым салынды: Препарат енді Қазақстан дәріханаларында сатылмайды

Денсаулық • Бүгін, 12:52

Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізіледі

Қоғам • Бүгін, 12:47

Автолизинг бағдарламасының толыққанды іске қосылуына не кедергі?

Қоғам • Бүгін, 12:40

Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз отыр

Қоғам • Бүгін, 12:37

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді

Шахмат • Бүгін, 12:28

2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожолға жөндеу жүргізіледі

Қоғам • Бүгін, 12:01

Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді

Спорт • Бүгін, 11:48

Петропавлда пәтер ұрысы бейнебақылаудың арқасында қолға түсті

Аймақтар • Бүгін, 11:37

Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 11:23

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 81 мектеп салынды

Жемқорлық • Бүгін, 11:20

Еурохаттаманы толтырудың тәртібі қандай?

Қоғам • Бүгін, 11:12

Ерлан Қарин Президенттің неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Тәуелсіздік • Бүгін, 11:07

«Отбасы банк»: 600 мыңға жуық адам мемлекеттік сыйақы алды

Банк • Бүгін, 10:52

Жеті жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

Экономика • Бүгін, 10:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью