Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қалада ірі коммуналдық апаттың салдары жойылды. Қатты аяз кезінде апат салдарынан шамамен 40 көпқабатты тұрғын үй, жеке сектор, сондай-ақ бизнес пен әлеуметтік сала нысандары жылусыз қалған еді. Ақау сегізінші және Отрадное шағын ауданын жылумен қамтамасыз ететін магистральдық жылу желісінде болған.
Апат кешкі уақытта тіркеліп, қоғамдық резонанс туғызды: төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы жылдам тарай бастаған еді. Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиғаға 1970-жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген, тозығы жеткен құбыр учаскесі себеп болған.
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің айтуынша, жөндеу жұмыстары таңғы уақытта толық аяқталған.
— Сегізінші шағынауданға қызмет көрсететін магистральдық жылу желісіндегі жұмыстар тәмамдалды. Одан кейін жүйе технологиялық толтыруға берілді. Бұл үдеріс шамамен бір жарым-екі сағатқа созылады. Қазіргі кезде барлық учаскелерде жұмыстар аяқталып, ауа шығару жүргізілуде, қысым біртіндеп көтеріліп, жылу тұрғын үйлерге жеткізілуде, — деді қала басшысы.
Әкімнің сөзінше, апаттық-қалпына келтіру бригадалары тәулік бойы, үздіксіз режимде жұмыс істеп, барлық қажетті күштер мен техника тартылған. Қазіргі уақытта жылумен қамту қалыпты, штаттық режимде қалпына келтіріліп жатыр.
Қала әкімдігінде жағдай тұрақты бақылауда екені атап өтіліп, барлық тұрғын үйлерге жылудың толық берілгені жөніндегі ақпарат қосымша хабарланатыны айтылды.