Теміртауда өндірістік цех қайта жаңғыртылды

30.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Qarmet металлургиялық комбинатында өндірісті жаңғырту бағдарламасы аясында кәсіпорынның технологиялық тізбегіндегі маңызды буын саналатын соғу-престеу цехын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға таяды. Пайдалануға берілгеннен кейін бұл цех комбинаттың ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, жөндеу және жабдықтарды, қызмет көрсету кезінде қажет болатын арнайы элементтерді, бөлшектер мен агрегаттарға арналған қосалқы бөлшектерді өз ішінде өндіруге мүмкіндік береді.

Аталған цехтың жұмысы 2019 жылы шатыр плиталары мен қабырға панельдерінің апатты жағдайына байланысты тоқтатылған болатын. Содан бері бірнеше жыл бойы нысан пайдаланылмай тұрды. Тек 2024 жылы алаңда демонтаж жұмыстары басталып, 2025 жылы жоба құрылыс пен қалпына келтірудің белсенді кезеңіне өтті.

— Бүгінгі таңда айтарлықтай көлемде жұмыстар атқарылды. Шатыр толықтай ауыстырылып, заманауи жеңілдетілген шамдар орнатылды, жаңа қабырға панельдері монтаждалды, жекелеген конструкциялық элементтер күшейтілді. Тексеру нәтижелері бойынша бетон бағаналардың бір бөлігін сақтау туралы шешім қабылданды — ол үшін олар бандаждалып, металл қаңқамен күшейтілді. Сонымен қатар терезе құрылымдары да ауыстырылды, — деді компания өкілдері.

Фото: Qarmet

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, қайта жаңғырту барысында ғимараттың негізгі конструкциялық ерекшеліктерін сақтай отырып, оны қазіргі заман талаптарына сай етіп айтарлықтай жаңарту мүмкін болған. Ауыр бетон панельдерінің орнына жаңа материалдарды қолдану конструкцияларға түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, нысанның сенімділігін арттырды, сондай-ақ оны әрі қарай пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетті.

Қазіргі уақытта цехқа іргелес аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ішкі инфрақұрылымды дайындау жалғасып жатыр: инженерлік желілерді жаңарту, көпірлі крандарды ауыстыру, электр жүйесін, сантехника мен жылыту жүйелерін жаңғырту жоспарланған. Компания заманауи жабдықтарды да сатып алған, олар жақын арада өндіріс алаңына жеткізіле бастайды.

Фото: Qarmet

Соғу-престеу цехын қайта қалпына келтіру комбинат үшін стратегиялық маңызға ие. Қазіргі таңда қажетті жұмыстардың бір бөлігі сыртқы ұйымдарды тарту арқылы орындалып келеді, бұл қызмет көрсету мерзіміне де, құнына да әсер етеді. Цех толық іске қосылғаннан кейін Qarmet жөндеу жұмыстарына қажет бөлшектер мен элементтерді өз күшімен өндіре алады және өндірістік жабдықтарды үздіксіз жұмыс күйінде ұстауға мүмкіндік алады.

Жоспар бойынша соғу-престеу цехы биыл толыққанды жұмысын қайта бастайды. Бұл жоба Qarmet компаниясының жаңғыртуға деген жаңа көзқарасының айқын көрінісі ретінде бағаланып отыр: уақытша шешімдермен шектелмей, өндірістік нысандарды кешенді түрде қалпына келтіріп, олардың сенімділігін, қауіпсіздігін және тиімділігін ұзақ мерзімді перспективада арттыру.

Фото: Qarmet
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью