Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АЛМАТЫ, 9 қазан – Sputnik. Теміртауда пәтерден ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Оларды өлтірді деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлы ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.

7 қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью