Теміртауда қонаққа барған ер адам үй иесін өлтірді

11.06.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында таныстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Металлургтер даңғылындағы жеке пәтерлердің бірінде болған. Қонаққа барған ер адам үй иесін пышақтаған. Алған жарақатынан 33 жастағы ер адам көз жұмды.

Полиция қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Таныстар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде 33 жастағы пәтер иесіне пышақ жарақатын салған, ол оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью