Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Теміртау қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 әскери бөлімінде жасөспірімдерге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға қала мектептерінен келген 200-ге жуық оқушы қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шара барысында оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті қызметін өз көздерімен көрді.
Әскери қызметшілер қонақтарға қару-жарақ пен әскери техникалардың түрлерін таныстырып, олардың қолданылу ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар кинолог мамандар қызметтік иттердің қатысуымен арнайы көріністер көрсетіп, жауынгерлік дайындық элементтерін паш етті.
Оқушылар әскери бөлім аумағын аралап, сарбаздардың жатын орындарын, спортзалдарын және асханасын көрді. Әсіресе, әскери техникалар мен арнайы жабдықтар көрмесі жас қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара соңында оқушылар әскери оркестрдің орындауындағы патриоттық әндерді тыңдап, әскери қызметшілермен естелік суретке түсті. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, елге қызмет етуге деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
5516 әскери бөлімінің басшылығы алдағы уақытта да жастар арасында әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.