Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ауа райының жақсаруына орай аталған жол учаскесінде қозғалыс қайта қалпына келтірілді. Бұған дейін жаңбыр жауып, көктайғақтың пайда болуына байланысты республикалық маңызы бар барлық автожолда уақытша шектеулер енгізілген болатын.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Теміртау терминалынан Анар кентіне дейін автокөліктерді бірлесіп өткізу тәртібін ұйымдастырды. Барлығы 590 көлік қатысқан колоннада 350 жеңіл және 240 жүк көлігі болды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның төрт патрульдік экипажы мен төрт жол техникасы (КДМ) жұмылдырылды.
Қозғалыс басталар алдында патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Сұңғат Абылқас жүргізушілерге колоннамен жүру тәртібі мен жолдағы қауіпсіздік талаптары туралы нұсқау берді. Ілесіп жүруді өзі бастап жүргізді.
Қарағанды облысының полиция департаменті өңірдегі автожолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі 6-8 ақпан аралығында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты азаматтарға шұғыл ескерту жасаған болатын. Бұл шаралар жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Еске салсақ, бұған дейін 6 ақпанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелгенін жазған едік.