Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Қазақстан Үкіметінің қолдауымен 2030 жылға дейін теміржол саласының инфрақұрылымын дамытуға10 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салынады. Бүгінде біз 1 800 шақырым жаңа теміржол желісін салып, 3 000 шақырым жолды жаңғыртудамыз. Бұл – жаңа жолдар салумен пара-пар, - деді ҚТЖ басшысы.
Оның мәліметінше, өткен жылы Достық-Мойынты учаскесінде екінші жол мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Бұл аталған учаскенің өткізу қабілетін тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
- Осы жылдың соңына дейін тағы 500 шақырым теміржол құрылысы аяқталады. Оның ішінде Орталық Азия бағытына транзиттік ағынды арттыруға арналған Дарбаза-Мақтаарал жобасы бар. Сондай-ақ Транcқазақстандық теміржол дәлізін қалыптастыратын Мойынты-Қызылжар жобасын ерекше атап өткім келеді. 2027 жылы Қытаймен жаңа шекаралық өткел және Аягөз-Бақты теміржол учаскесі ашылғаннан кейін 2035 жылға қарай Қытаймен жүкті қайта тиеу қуаты 100 млн тоннаға дейін ұлғайтылады, -деді Талғат Алдабергенов.
Айта кетейік, еліміз 2023 жылға қарай транзт көлемін жылына 100 млн тонна жеткізуді жоспарлап отыр.