Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Деседе де теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздікті сақтау мәселесі әлі де өзекті. Оқиғалардың негізгі себебі автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы — тыйым салу сигналдарын елемеу, жақындап келе жатқан пойыз алдынан кесіп өту әрекеттері және жол белгілері талаптарын бұзу болып қалып отыр.
Қауіпсіздікті арттыру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еліміздің барлық өңірлерінде кешенді профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.
— Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 300 жуық профилактикалық рейд жүргізілді. 150 мыңнан астам жүргізуші теміржол өткелдері арқылы өту ережелерімен танысты. Өткен жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп бастамашылық еткен теміржолдағы апаттылықты төмендетуге және тәртіпті арттыруға бағытталған заңнамаға түзетулер қолданылып келеді, — деп жазды компанияның баспасөз қызметі.
Сонымен, бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді:
— жолдардан белгіленбеген орындар бойынша өткені үшін — 3 АЕК, қайталанса 5 — АЕК;
— мал айдап өткені, көлік-арба көлігінің қозғалысы және бөлінген белдеуде мал жайғаны үшін — 5 АЕК, қайталанса –10 АЕК;
— темір жол өткелдерінің жүріп өту ережелерін бұзғаны үшін — 20 АЕК, зиян келтірілген кезде жүргізуші куәлігінен 9 айға дейін айырылуы мүмкін.
— Теміржолшылар жүргізушілерді өткелдерді кесіп өту кезінде өте мұқият болуға, жол ережелерін қатаң ұстануға шақырады. Темір жол бойында асығыстық таныту өлімге әкелуі мүмкін — пойыз астына түсу қаупі жоғары, — деп ескертті.
Еске сала кетейік, былтыр 44 адамды пойыз басып кетіп, 27 адам көз жұмған болатын.