Теміржол ынтымақтастығы ұйымына көлік дипломатиясының маңызды институты ретінде баса мән береміз Бектенов

23.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

- Теміржол ынтымақтастығы ұйымының Бас директорлары конференциясының мерейтойлық отырысын қабылдау – біз үшін зор мәртебе. Өздеріңіз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан дамудың жаңа тарихи кезеңіне қадам басты. Жалпыхалықтық референдумда азаматтарымыздың белсенді қолдауымен еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Ата заң қоғамдық дамудың жаңа моделін қалыптастырып, ел экономикасын одан әрі жаңғыртуға ықпал етеді, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр экономиканың аса маңызды күретамырына айналған теміржол саласы халқымыздың өмір сапасын жақсартып, орнықты өсімді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келе жатқанын баса айтты.

- Ұйымның 70 жылдығына орайластырылған алқалы жиын тоғыз жолдың торабында, Еуразия құрлығының дәл ортасында өтіп отыр. Мұның мәні зор. Заманауи әрі тиімді көлік жүйесі біз үшін халықаралық жеткізу тізбектеріне бейімделе отырып, жаһандық экономикаға ықпалдасуға мүмкіндік береді. Тұрақсыз халықаралық қатынастар жүйесі қалыптасқан қазіргідей кезеңде, біз ұйымға техникалық құрылым ретінде ғана емес, сонымен қатар өңірлер мен елдер арасындағы сенімді қатынастарға негіз болып отырған көлік дипломатиясының маңызды институты ретінде баса мән береміз, - деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, ондаған жылдар бойы ұйым жұмысы еуразиялық көлік қауымдастығының қатысушылары үшін кепіл бола отырып, біртұтас құқықтық және технологиялық кеңістікті қамтамасыз етіп келеді.

- Қазіргі геосаяси жағдайда біздің алдымызда қалыптасқан байланыстарды сақтап қана қоймай, оларға жаңа серпін беру, соның ішінде цифрлық трансформация арқылы нығайта түсу міндеті тұр. Біздің ортақ мақсатымыз – Еуразияны біртұтас әрі үздіксіз жұмыс істейтін көлік жүйесіне айналдыру, - деді Олжас Бектенов.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью