Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінде бәсекелестікті шектеу тәуекелдерін анықтады.
Бұған департаментке «АзияНефтеТранс» ЖШС және «Скинест Рейл Қазақстан» ЖШС вагондарды тіркеу рәсімінің созылуына қатысты жүгінген арыз себеп болды.
Департамент анықтағандай, вагондарды тіркеудің қолданыстағы қағидаларында өтінімдерді қараудың нақты мерзімі көзделмеген. Бұл ретте вагондарды тіркеу магистральдық теміржол желісінде оларды пайдаланудың міндетті шарт ретінде қарастырылады және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.
БҚДА өтінімдерді қарау мерзімінің болмауы рәсімнің созылу тәуекелдерін туындатып, нарық субъектілерінің инфрақұрылымға қол жеткізуін шектеуі мүмкін деп есептейді.
Тексеру нәтижесі бойынша департамент «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға өтінімдерді қарау мерзімін белгілеу аясында жүк вагондарын тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы нұсқама енгізді.
Бүгін, 15:31