Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) интернет-тауарларға қатысты жаңа кедендік реттеу нормаларының күшіне ену мерзімі кейінге шегерілгенін хабарлады. Жаңа ереже биылғы 1 шілдеден бастап іске қосылуы тиіс еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) интернет-тауарларға қатысты жаңа кедендік реттеу нормаларының күшіне ену мерзімі кейінге шегерілгенін хабарлады. Жаңа ереже биылғы 1 шілдеден бастап іске қосылуы тиіс еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
МКК баспасөз қызметінің мәліметінше, осы күнге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер сауданың жаңа нормаларды қолдануға дайын болуы тиіс еді.
"Сонымен қатар қазіргі уақытта ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің бірінде ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ратификациялауға қажетті мемлекеттік ішкі деңгейінде рәсімдер аяқталған жоқ. Осыған байланысты бірыңғай қағидалар одаққа мүше барлық мемлекеттердің аумағында бір мезгілде күшіне ене алмайды, сондықтан оларды енгізу мерзімі кейінге шегеріледі", - делінген хабарламада.
Ережелердің күшіне енуінің жаңа күні ЕАЭО-ға мүше барлық ел қажетті мемлекеттік ішкі рәсімдерді аяқтап, тиісті шешім қабылданғаннан кейін қосымша хабарланады.
Мән-жайы"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан, электрондық сауда операторларынан және өзге де мүдделі тұлғалардан осы ақпаратты өз қызметін жоспарлау кезінде ескерулерін сұраймыз", - деп ескертті МКК өкілдері.
Бұған дейін Қазақстан заңнамасында шетелден интернет арқылы тауар сатып алуға қатысты жаңа ережелер енгізіліп жатқаны хабарланған болатын. Шетелдік маркетплейстерде тапсырыс берілетін тауарлар үшін міндетті баж салығы енгізіледі.
Шетелдік сайттарда (Amazon, AliExpress, Temu және т.б.) зат сатып алу ережелері ЕАЭО-ның жаңа нормаларына байланысты айтарлықтай өзгереді.
Енді шетелдік интернет-дүкендерден тапсырыс берген дүниелердің барлығы жеке пайдалануға арналған қарапайым тауар болып саналмайды. Олар "электрондық сауда тауарлары" деген жеке санатқа бөлінді.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
“Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады“: Тоқаев халыққа үндеу жасады
Бүгін 08:02 1
Болжам бойынша, құны 200 еуроға дейінгі (шамамен 142 500 теңге) тауарлар кедендік баж салығысыз және ҚҚС-сыз әкелінеді. Егер сатып алу құны 200 еуродан асса, 5 пайыз көлемінде кедендік баж салығын және 16 пайыз көлемінде ҚҚС төлеу қажет болады. 31 келі салмақ шектеуін алып тастау жоспарланған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу